«Алтын Орда» әмбебап сауда кешені жақында болған су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған 15 үйдің құрылысын сәтті аяқтады. Кілттерді табыстау рәсімі 2024 жылғы 1 қазанда Батыс Қазақстан облысының Деркөл кентінде өтті.
Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев және “Алтын Орда” базарының құрылтайшысы Еркебұлан Хамзин қатысып, табиғи апаттан баспанасынан айырылған тұрғындарға жаңа баспаналардың кілтін табыстады.
Базар басшылығының бастамасымен басталған үй құрылысы күндіз-түні жұмыс істеген құрылыс бригадаларының белсенді қолдауымен жүзеге асты. Тұрғындарға қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетуге бағытталған бұл жоба “Алтын Орданың” халыққа көмек көрсету миссиясына толықтай сәйкес келеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін “Алтын Орда” Қостанай (Жангелді ауданы), Ақтөбе, Атырау (Құлсары қаласы) облыстарына және Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберген болатын.