«Алтын Орда» базарының тағы бір қайырымдылық керуені Петропавл қаласына аттанды. Әмбебап сауда кешеннің әкімшілігі «Күшіміз бірлікте» акциясын жалғастырып, кезекті гуманитарлық көмекті Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтті.

Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын, гигиеналық заттар, резеңке етіктер мен уақытша баспанадағы тұрғындар мұқтаж құрал-жабдықтар, яғни бас-аяғы 20 тонналық жүк тиелді.

Қайырымдылық акция аясында Алтын ордалық қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударды.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай (Жангелді ауданы), Ақтөбе, Атырау (Құлсары қаласы) облыстарына қайырымдылық керуендері жетті.