circle
circle

«АЛТЫН ОРДА» БАЗАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МИССИЯСЫ: ІЗГІЛІККЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР



«Алтын Орда» әмбебап сауда кешенінің әкімшілігі өз миссиясын тек табысты коммерциялық дамуымен ғана емес, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысуымен байланыстырады. Көптеген жылдар бойы базар қайырымдылық жұмыстарын жүйелі әрі дәйекті түрде жүргізіп, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға нақты көмек көрсетіп келеді. Осы арқылы ол өзін әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес ретінде дәлелдеп отыр.

Әсіресе, басты діни мерекелер қарсаңында көмек көрсетуге ерекше назар аударылады. Әр жылы Құрбан айт мейрамында әкімшілік бастамасымен құрбан шалу рәсімі өткізіледі. Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаж отбасыларға бағытты түрде таратылады, сондай-ақ қамқорлықтағы мекемелерге — «Перзент» балалар үйіне және «Нұр Отау», «Мирный» қарттар үйлеріне жеткізіледі. Бұл игі дәстүр көптеген адамдар үшін қамқорлық пен мейірімділіктің символына айналып, көмекке зәру жандарға қуаныш пен демеу сыйлайды.

Балаларға көмек көрсету — «Алтын Орда» базарының әлеуметтік саясатының тағы бір маңызды бағыты. Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күнінде базар «Жанұя» қорына демеушілік жасап, белсенді қолдау көрсетеді. Қордың қызметі қамқоршылықсыз қалған балалары бар жалғызбасты аналарға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай қолдау әйелдер мен балаларға болашаққа сенім ұялатуға, қиын өмірлік жағдайда өздерін жалғыз сезінбеуге мүмкіндік береді.

Әкімшілік базардың өркендеуіне тікелей үлес қосып отырған өз жалға алушылары жайлы да ұмытпайды. Әр жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ауызашар дастарханы — корпоративтік рухты нығайтатын, үлкен қауымдастық сезімін қалыптастыратын және бірлескен еңбегі үшін ризашылық білдіретін жақсы дәстүрге айналды.

Осылайша, «Алтын Орда» әкімшілігі үшін қайырымдылық — бір реттік акция емес, ойластырылған әрі тұрақты қызметтің бір бөлігі. Балалар үйлері мен жалғызбасты аналарға көмектесуден бастап, қарттар мен жалға алушыларға қолдау көрсетуге дейін базар өз жұмысын адамгершілік, жанашырлық және әлеуметтік әділдік қағидаттарына сүйене отырып жүргізеді. Бұл өз кезегінде қоғамда үйлесімділік пен қамқорлық рухын нығайтуға елеулі үлес қосады.